Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Назым Қызайбай Оңтүстік Корея боксшысын ойсырата жеңді

31.05.2024, 11:28

Қызайбай – қыздар арасында әлемнің екі дүркін чемпионы

Назым Қызайбай Оңтүстік Корея боксшысын ойсырата жеңді
Қазақстан бокс федерациясы

Таиландта өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде 50 келіде өнер көрсетіп жатқан Назым Қызайбай Оңтүстік Корея боксшысы Джухюнг Джунды 5:0 есебімен жеңді.

Назым үш раундт бойы рингтегі басымдықты өз қолына алып, қарсыласының жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жоқ. Алғашқы раундта бес төрешінің бәрі қазақстандық боксшыға жеңісті берсе, екінші раундта 3:2 есебі тіркелді. Ал, үшінші шешуші раундта Назым қарымта шабуылдарға иек артып, өзінің мықты екенін дәлелдей алды.

Еске салайық, бірінші айналымда Қызайбай словак боксшысы Николь Дурикованы айқын басымдықпен жеңген болатын. Енді ол 1/8 финалда жарысты жалғастырады.

Бангкокта өтіп жатқан осынау жарыста Олимпиада ойындарының соңғы жолдамалары сарапқа салынып жатыр. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам