ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Бокс: Қытайдағы қазақ қандасымыз Олимпиада жолдамасынан қағылды

01.06.2024, 15:47

Бұған дейін Бахрейн атынан өнер көрсететін тағы бір қазақ боксшысы Таиландта жеңіліп қалған еді

Бокс: Қытайдағы қазақ қандасымыз Олимпиада жолдамасынан қағылды
Фото ашық дереккөзден

Қытайдың Тарбағатай аймағында туған қазақ боксшысы Данабек Байқоныс 

Париждегі Олимпиадаға бармайтын болды.

Ол бүгін Таиланд астанасы Бангкоктағы лизенциялық турнирдің екінші айналымында Австриядан келген Ахмед Хагагпен жұдырықтасқан. Өкінішке қарай, жекпе-жектің бірінші раундында этникалық қазақ боксшысының қабағы жарылды. Сөйтіп, дәрігер кездесуді тоқтатты. Осылайша, жеңіс еуропалық боксшыға берілді.

Айта кетейік, бұған дейін Бахрейн намысын қорғайтын қазақ Азат Махметов те Олимпиада жолдамасынан тыс қалған.

Данабек Байқоныс Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Ол 92 келі салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×