Ол – әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да орасан табысқа жеткен спортшы
Бокстан аса ауыр салмақта Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов кәсіпқой бокстағы жеңісі үшін алған гонорарын қайда жұмсағанын айтты.
Olamosport басылымына берген сұхбатында танымал боксшы түскен табысының басым бөлігін бапкерлері мен отбасына жібергенін айтқан.
«Сыйақымның жартысына жуығын бапкерлеріме бердім. Бұл ауқымды жұмыс және жетістікке жету жолында жаттықтырушылардың рөлі зор», - деді Жалолов.
Былғары қолғап шебері қаржының қалған бөлігін отбасының керек-жарағына жұмсаған. Өзінің сөзінше, ол әсіресе әпке-қарындастарына көп көмектеседі екен.
«Әкем жоқ, сондықтан мен оларға әке болуға тырысамын», - дейді боксшы.
Баходир Жалолов – өзбек боксында өз орнын ойып тұрып алған спортшы. Оны қазақ жанкүйерлері Қамшыбек Қоңқабаевтың баст қарсыласы деп біледі.