Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Усик Әлімханұлына қолдау көрсетіп, кеңес берді

06.06.2024, 09:21

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін биыл 13 маусымда өткізеді

Усик Әлімханұлына қолдау көрсетіп, кеңес берді
x.com/qazaqstyle

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) әлеуметтік желіде украиналық Александр Усикпен (22-0, 14 КО) кездесуінен фотосурет салды.

Усик Әлімханұлы жаттығып жатқан Лас-Вегастағы залға арнайы барған. 

«Көргеніме қуаныштымын, бауырым. Спаррингке келіп, қолдау көрсеткеніңе рахмет. Құнды кеңесің үшін алғыс айтамын», – деп жазды Әлімханұлы.

Александр Усик – аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы. Ол британиялық Тайсон Фьюриді (34-1-1, 24 КО) жеңіп, дивизиондағы барлық белбеудің басын біріктірді. Ал реванш биылғы қазан айында өтуі тиіс.

Ал Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы. 

Айта кетейік, Жәнібек кезекті жекпе-жегін 13 шілдеде өткізеді. Бұл жолғы қарсыласы – Жаңа Зеландия атынан шығып жүрген ресейлік Андрей Михайлович. Ол – IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа міндетті үміткер.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам