Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстан намысын қорғаған өзбек пен Өзбекстан атынан шыққан қазақ боксшысы финалда кездесті

13.11.2023, 22:45

Жекпе-жекте Қазақстанның өзбегі жеңіске жетті

Қазақстан намысын қорғаған өзбек пен Өзбекстан атынан шыққан қазақ боксшысы финалда кездесті
Фото ашық дереккөзден

Бокстан Астанада жастар арасында өткен Азия чемпионатында қызық жағдай тіркелді. Мұны көпшілік жанкүйерлер байқамаған.

60 келіде Өзбекстан және Қазақстан боксшыларының финалдық кездесуіне көпшілік куә болғанымен, қос елдің құрамасында өзге ұлт өкілдері сынға түсті. Мәселен, ұлттық құрама намысын этникалық өзбек Бахтияр Анарбаев қорғаса, ала шапанды өзбек ағайындар атынан ұлты қазақ Саят Ілиясов қарсылас болған.

Финалда кездескен қос боксшының жекпе-жегінде төрешілер алқасы жеңісті бір ауыздан Қазақстан спортшысының пайдасына шешті. Сирек кездесетін жағдайды жанкүйелер жылы қабылдаған. Әлеуметтік желіде бұған қатысты түрлі пікір жария болды.

«Мұндай жағдайдағы жеңіс екі жақты да риза қылады», «Кім жеңсе де біздікі жеңді деп сеніммен айтамыз», «Ағайындар деген осылай болады», «Төрешінің алдында жеңісті өзбекке әлде өзбекстандыққа беру керек деген қиын таңдау тұрды» деген сыңайда пікір жазып қалдырған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам