Жаңа шығарылым! Қонақта Жасын Канбаев!

«Қазақ королі» Сұлтан Зауырбек қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

22.06.2024, 09:53

Шетелдік бокс сарапшылары Зауырбекті Головкиннің ізбасары деп атайды

«Қазақ королі» Сұлтан Зауырбек қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
instagram.com/sultanzaurbek/

Кәсіпқой бокста жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Сұлтан Зауырбек (17-0, 12 КО) Англияның Болтон қаласында өткен бокс кешінде қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді.

Сұлтан аргентиналық Роман Рубен Рейносомен (22-4-2, 10 КО) жұдырықтасқан болатын. Бәске WBA Continental титулы тігілді және жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Алайда, қазақ боксшысы мәселені бірінші раундта шешіп тастады. Алдымен екі нокдаун алған аргентиналық үшінші ауыр соққы алғанда орнынан тұра алған жоқ.

Осылайша «қазақ королі» атанып кеткен Сұлтан Зауырбек кәсіпқой бокстағы 18-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал, Рейносо бесінші рет жеңіліп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам