Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегін Алматыда әйгілі жапондық боксшыға қарсы өткізеді

17.11.2023, 16:59

Жерлесіміз IBO чемпиондық титулын қорғайды

Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегін Алматыда әйгілі жапондық боксшыға қарсы өткізеді
Allboxing

10 желтоқсан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дүбірлі бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекте жеңіліс дәмін білмейтін отандасымыз Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО) өзінің ең үлкен жекпе-жегіне шығады.

Қарсыласы — әлемге танымал көп дүркін Жапония мен Азия чемпионы Акихиро Кондо (37-11-2, 21 КО). Боксшылар сарапқа IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы мен WBA Gold World чемпиондық белдіктерін салады.

Бұдан бөлек шаршы алаңға қазақ боксының жарқын жұлдыздары Виктор Коточигов, Балауса Мұздыман, Елшат Нығметолла, Елхан Табынбаев және басқалар көтеріледі. Кештің бас ұйымдастырушысы Лейла Камалованың бастауымен LK Production болады.

Айта кеткен жөн, Тұраров үшінші рет қатарынан желтоқсан айында жылдың қорытынды жекпе-жектерін өткізіп келеді. 2021-де отандасымыз Абдумонем Саидті тізе бүктірсе, 2022-нің соңғы айында бұрынғы әлем чемпионы Луис Энрике Ромероны жарқын нокаутқа жіберген болатын.

10 желтоқсан күні Тұраров пен басқа да қазақ боксшыларына қолдау білдіру үшін билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан ала аласыз.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам