Жекпе-жек 12 раундқа созылды
Ташкентте өткен бокс кешінде жерлесіміз Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) Чили боксшысы Хулио Аламосты (16-2, 9 KO) жеңді.
Орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы енді WBC чемпиондық белбеуіне негізгі үміткер атанады. Бұл титул қазір америкалық Джермалл Чарлоның (32-0, 22 KO) еншісінде.
Мейірімнің Аламоспен болған жекпе-жегі 12 раундқа созылып, төрешілер жеңісті бірауыздан қазақ боксшысына берді.
Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов BoxRec порталының нұсқасы бойынша Қазақстандағы кәсіпқой боксшылар рейтингінің көшін бастап тұр. Бұған дейін бұл тізімнің бірінші орнында Геннадий Головкин болған.