Иван Дычко алда Жалоловпен шаршы алаңда кездескен жағдайда кім ұтуы мүмкін екеніне де сенімді жауап берді
Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко өзбектің белгілі боксшысы Баходир Жалолов туралы пікір білдірді.
Ол өз сөзінде өзбектің Олимпиада чемпионын әуесқой бокс шаршы алаңында 4 рет кездесіп, барлығында басым түскенін атады. Сонымен бірге, кәсіпқой бокста жолы түйіскен жағдайда жеңісті серияның жалғасатынына сенімді екенін жеткізді.
«Ол бұл жолда ұзақ уақыт бойы тер төгіп, алға жылжығаны сөзсіз белгілі. Оның техникалық мүмкіндігі де өсті. Мен оны техника және физикалық қозғалыс арқылы ұттым. Оның бокс техникасы сондай мықты емес, барынша қарапайым. Жалолов дене тұрғысынан бойы биік, аяқпен жақсы қозғалады. Қолының ұзындығын қарсыласты жақындаупай үшін жақсы қолданады. Бұндай белгілі практика бойы ұзын боксшылар арасында тек жетістік әкеледі. Бұл жерде аса күрделі ештеңе жоқ», - деді Дычко Vesti.kz-ке берген сұхбатында.
Сұхбат барысында Иван Дычко алда Жалоловпен шаршы алаңда кездескен жағдайда кім ұтуы мүмкін екеніне де сенімді жауап берді.
«Мен бұл кездесуде өзімді фаворит санаймын. Тіпті, оны нокаутпен ұтуым да мүмкін», - деді Иван Дычко.
Баходир Жалолов бокстан Токио Олимпиадасында топ жарды. Ол +92 келіде әлемнің екі дүркін чемпионы, Азия Ойындарының жеңімпазы. Оның басты қарсыласы - Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Қамшыбек Қоңқабаев. Отандасымыз Жалоловты 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатының ширек финалында ұтқан болатын.
Алайда 2019 жылы Екатеринбургте әлем біріншілігінің финалында, сондай-ақ, 2023 жылы Ташкентте өткен дүниежүзілік чемпионаттың ширек финалында, Азия Ойындарының финалында өзбекстандық боксшыға есе жіберді.