Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Ұлыбританияда қайтыс болған боксшы жарыстардан шеттетілді

26.06.2024, 09:21

2023 жылғы сәуірде өткен британиялық Галал Яфаймен жекпе-жек алдында Мойсестің кокаин қабылдағаны анықталды

Ұлыбританияда қайтыс болған боксшы жарыстардан шеттетілді
Pixabay

Ұлыбританияның антидопингтік агенттігі (UKAD) адал ойын мен таза спорт принципін бұзушылармен күресте жаңа деңгейге шықты. 

Vringe.com мәліметінше, агенттік аса жеңіл салмақта бұрынғы әлем чемпионы атағына үміткер мексикалық Мойсес Кайерості төрт жылға шеттету туралы шешім қабылдаған. Ұйым 2023 жылғы сәуірде өткен британиялық Галал Яфаймен жекпе-жек алдында Мойсестің кокаин қабылдағанын анықтады. Бір қарағанға, ұйым ережеге сәйкес әрекет етті деуге болады, бірақ биылғы наурыз айында Кайерос көз жұмған.

Боксшының өлімі туралы жергілікті басылымдар ғана жазғандықтан, UKAD бұл туралы хабарсыз болған секілді. Бірақ шеттету туралы қаулы ресми сайттан бірнеше сағаттан соң өшірілді.

Айтпақшы, сол айқаста Яфай Кайерос төртінші раундта техникалық нокаутпен ұтылды. Алайда былтырғы желтоқсанда өткен өзінің соңғы кездесуінде ол жерлесінен басым түскен болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам