Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Астанада бокстан Қазақстан спартакиадасы аяқталды

19.11.2023, 17:00

Спартакиада төрт жылда бір өтеді

Астанада бокстан Қазақстан спартакиадасы аяқталды
Қазақстан бокс федерациясы

Елордада өткен VI жазғы Спартакиада өз мәресіне жетіп, 13 салмақ дәрежесі бойынша республика үздіктері анықталды. Төрт жыл сайын өтетін бәсекеде екі жүзге жуық спортшы қатысқан.

Аталған бәсекеде Олимпиада жүлдегері және бірнеше әлем чемпионы бақ сынаған еді. 

Биылғы бәсекеде 4 боксшы екінші рет жазғы спартакиадада жеңімпаз атанып отыр. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Шайкен (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) сынды боксшылар бар. Сондай-ақ, турнирде 51 және 80 келіде финалда әлем чемпиондары кездесті.

Бұдан бөлек, жеңімпаз атанғандардың ең ересегі 35 жастағы әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов болса, ең жас жеңімпаз 19 жастағы Темірлан Мұқатаев.

Сонымен VI жазғы Спартакиаданың жүлдегерлері:

48 келі

1. Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) 

2. Асхат Жүсіпов (Астана қаласы) 

3. Ернар Қарап (Абай облысы) 

3. Ернұр Қайрат (Шымкент қ.)

51 келі

1. Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) 

2. Санжар Тәшкенбай (Астана қаласы) 

3. Даниал Сәбит (БҚО) 

4. Дамир Әбдіқадыр (Алматы облысы)

54 келі

1. Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) 

2. Кенже Мұратұлы (Алматы облысы) 

3. Тимур Қабдешов (Ақмола облысы) 

3. Дәулет Молдашев (ШҚО) 

57 келі

1. Махмұд Сабырхан (Шымкент қ.) 

2. Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы) 

3. Ерболат Сабыр (Павлодар облысы) 

4. Асылжан Серікбай (Ұлытау облысы)

60 келі

1. Бейбарыс Жексен (Жамбыл облысы) 

2. Руслан Күзеубаев (Абай облысы) 

4. Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы) 

3. Алмат Абдуали (Жетісу облысы)

63 келі

1. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы) 

2. Серік Теміржанов (Павлодар облысы) 

3. Жандос Қыдыралиев (Алматы қ.) 

3. Ерасыл Таңқай (Алматы облысы)

67 келі

1. Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы) 

2. Бахтияр Смағұлов (Павлодар облысы) 

3. Елнұр Сүйінбай (Қостанай облысы)

3. Рахат Сейітжан (Маңғыстау облысы)

71 келі

1. Талғат Шайкен (Ақмола облысы) 

2. Сабыржан Аққалықов (БҚО) 

3. Фарух Тоқтасынов (Алматы қ.) 

3. Дархан Дүйсебай (Алматы облысы) 

75 келі

1. Диас Молжігітов (Жамбыл облысы) 

2. Нұрқанат Райыс (Атырау облысы) 

3. Тимур Нұрсейітов (Ұлытау облысы) 

3. Азамат Бектас (Қызылорда облысы) 

80 келі

1. Нұрбек Оралбай (Астана қ.) 

2. Бекзад Нұрдаулетов (Маңғыстау облысы) 

3. Ерасыл Жақпеков (Абай облысы) 

3. Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда облысы) 

86 келі

1. Темірлан Мұқатаев (Астана қ.) 

2. Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы) 

3. Шаймұрат Құсайынов (Павлодар облысы) 

3. Бекзат Таңатар (Шымкент қ.) 

92 келі

1. Айбек Оралбай (Астана қ.) 

2. Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) 

3. Данияр Рахымбердинов (Алматы қ.) 

4. Ерхат Бекзат (Абай облысы) 

+92 келі

1. Дамир Тойбай (Алматы қ.) 

2. Аманат Сабырғали (Атырау облысы) 

3. Олжас Букаев (Павлодар облысы) 

3. Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам