«Төбелесті сағындым»: Қазақстанның ең сұлу боксшысы Ангелина Лукас кәсіпқой рингке қайта оралмақ

Редактор
19.11.2023, 23:52

Соңғы жекпе-жегін ол Түркияда өткізіп, Чили боксшысы Даниела Асенходан жеңіліп қалды

«Төбелесті сағындым»: Қазақстанның ең сұлу боксшысы Ангелина Лукас кәсіпқой рингке қайта оралмақ
Instagram

Қыздар арасындағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас соңғы жекпе-жектегі жеңілісінен кейін рингке қайта шықпақшы. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

«Мен жақын үндері рингке қайта оралуды көздеп отырмын. Жекпе-жектерді қатты сағындым. Мен үшін бұл зор тәжірибе болды. Жарақаттар мені одан сайын қуаттандырады. Көздеген мақсатыма жетем», - деп жазды боксшы қыз.

Еске салайық, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы алтыншы жекпе-жегін қазан айының соңында Түркияда Чили боксшысына қарсы өткізіп, жеңіліп қалған болатын. Жерлесіміз WBC International және UBO чемпиондық белбеулерінің иесі.

Күні кеше Ангелина көпшілікті өзінің жігітімен таныстырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Бапкерлердің түсінігі 90-жылдарда қалып қойған — Әйгерім Әбілқадырова