Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Парижде алтын алып келуге бар күшімізді саламыз – Назым Қызайбай

01.07.2024, 20:59

Боксшы қыз қазақты бүкіл әлемге танытқысы келеді

Парижде алтын алып келуге бар күшімізді саламыз – Назым Қызайбай
Әсет Құндақбаев

Белгілі боксшы Назым Қызайбай Париж олимпиадасына қызу дайындалып жатыр. Бұған дейін бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай Жазғы Олимпиада ойындарында алтын алуға барын салатынын мәлімдеді.

«Олимпиадаға дайындық кезінде көбінесе күшке және жылдамдықты арттыруға жұмыс істедік. Таңертең және кешке жаттығу жасаймыз. Құрама жақсы дайындалып жатыр. Олимпиадаға барғаннан соң, міндетті түрде медальмен оралуға тырысамыз, алтын алып келуге бар күшімізді саламыз. Қаншама жыл сол үшін еңбектеніп келеміз, қолымыздан келгенін аянып қалмаймыз. Мақсатымыз қазақтың атын әлемге таныту», - деді спортшы Azattyq Ruhy-на берген сұхбатында.

Әйелдер құрамасының Бас бапкері Елдос Сайдалин жаттығудың өте жемісті өткенін айтты.

«Бүгін дайындықтың соңғы күні. Олимпиадағы 3 түрлі салмақта, 3 қызымыз барады. 50 кг салмақта Назым Қызайбай, 57 кг салмақта Ибрагимова Карина, 75 кг салмақта Валентина Хальзова барады. Үшеуі де мықты спортшы. Құрамада отмосфера өте жақсы», - деді ол.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам