Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Әлем чемпионы Бибосынов пен Дусматов арасындағы бітіспес бәсекеге болжам жасады

10.07.2024, 18:02

Осыған дейін Бибосынов пен Досматов үш рет кездескен

Әлем чемпионы Бибосынов пен Дусматов арасындағы бітіспес бәсекеге болжам жасады
ҰОК

Париж олимпиадасында бокстан 51 келі салмақтағы басты фавориттердің бірі  Сәкен Бибосынов пен Хасанбай Досматов өзара мықтыны анықтайды. Кәсіби бокстан әлем чемпионы Марат Мәзімбаев қос боксшының бәсекесіне қатысты пікір білдірді.

«Досматов екі дүркін Олимпиада чемпионы атануды армандайды. Сәкеннің де арманы — Олимпиада алтыны. Бұл жерде бәрі Бибосыновтың өз қолында. Хасанбайға қарағанда, Сәкеннің қолдары ұзын. Осы басымдықты пайдалану керек. Ара-қашықтық сақтап, өзіне жақындатпау керек. Досматовты жеңуге  болады», — дейді Мәзімбаев.

Бибосынов пен Дусматов соңғы рет Қытайда өткен Азия ойындарында кездесіп, жерлесіміз өзбек боксшысына жол берген. Ал Сербия астанасы Белградта өткен әлем біріншілігінде Сәкеннің мерейі үстем болды. 

Айта кетейік, Париж олимпиадасына Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары толық құрамда барады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам