Отандасымыз WBO және IBF нұсқасындағы әлем чемпионы атағын қорғайды
Қазақстандық кәсіпқой боксшының командасы Instagram желісіндегі парақшасында Жәнібек Әлімханұлының Лас-Вегасқа жеткенін мәлім етті.
"Лас-Вегасқа аман-есен жетіп алдық", - делінген жазбада.
14 шілде күні Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқасындағы әлем чемпионы атағын қорғайды. Оның қарсыласы Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайлович болмақ. Бұл жекпе-жектен Әлімханұлының қанша көлемде гонорар алатыны әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр.