Боксшы "қазақ стилін" әлемге танытқысы келеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасу үшін Лас-Вегасқа барды. Ол boxingscene.com сайтына берген сұхбатында өзін танымал боксшы Геннадий Головкинмен неліктен салыстыратынына тоқталды.
"Мен АҚШ-та Головкин сияқты супержұлдыз боламын деп ойлаймын. Головкин екеуіміз әртүрліміз. Геннадий "мексикалық стильде" жұдырықтасқан болса, мен "қазақ стилін" танытып жүрмін. Біз отандаспыз, сондықтан адамдар бізді салыстырады. Бірақ ол менің ағам сияқты", - деді Әлімханұлы.
Сондай-ақ Михайловичпен жекпе-жекке сақадай сай екенін атап өтті.