“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді

12.07.2024, 09:38

Ол әлемге танымал боксшы болу үшін барын салып жүргенін айтады

Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді
vesti.kz

WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы төрт тұжырым бойынша чемпион атануды мақсат етіп отыр. Осылайша спортшы кәсіпқой бокстың жұлдыздарымен жекпе-жекке шығуды жоспарлаған.

Мен төрт титулға ие болу және абсолютті чемпион атану үшін бәрін жасауға дайынмын. Біз дүниежүзіне танымал болу үшін аянбай еңбектенудеміз және сол үшін қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Бұл дәрежеге жету жолында мен мықтылармен, танымал боксшылармен жекпе-жек өткізуім керек. Алдағы уақытта Канело Альварес, Давид Бенавидес сынды жұлдыздармен жұдырықтасуды жоспарлап отырмыз, - деді Әлімханұлы Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Qazaq Stylе лақап атымен танымал Әлімханұлы 14 шілдеде жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында өтеді. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам