Ол 14 шілдеде рингке шықпайды
Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы Top Rank промоутерлік компаниясы мәлімдеді.
Әлімханұлы ресми салмақ өлшеу рәсімінен өткенімен, су құрамын қалыпқа келтіріп үлгермеген. Салдарынан есінен танып құлаған.
Осылайша, 14 шілде күні Лас-Вегаста (АҚШ) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен кездесу өтпейтін болды.
Бұл кештегі басты айқас жеңіл салмақ өкілдері Раймонд Мураталла - Тевин Фармер арасында өтеді.
WBO және IBF ұйымдарының ресми мәлімдемесі кейіннен шығады.