Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Жәнібек Әлімханұлы қалай есінен танып құлады? Менеджері жауап берді

12.07.2024, 23:09

Отандасымыздың менеджері сұхбат берді

Жәнібек Әлімханұлы қалай есінен танып құлады? Менеджері жауап берді
©twitter.com/qazaqstyle

Бүгін кәсіпқой бокстан WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичпен кездесу алдында есінен таңып қалды.

Жағдайдың қалай болғанын отандасымыздың менеджері Эгис Климас Ring TV-ға берген сұхбатында айтты.

«Жәнібек салмақ қуып, соңғы граммын кеше тастаған еді. Бұл Америка уақытымен 11 шілде күні кешке болатын. Сол кезде есінен танды. Біз шұғыл Spring Valley медициналық орталығына апардық. Сканерден бүйрек зақымдалмағанын көрсетті, бірақ Жәнібек өте әлсіз, төбелесуге күші болмады»,- дейді Эгис Климас.

Еске салсақ, Жәнібек Әлімханұлы мен жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичтің жекпе-жегі Лас-Вегасте (АҚШ) 14 шілде күні түнде өтуі тиіс еді. Бұл кештегі басты айқас жеңіл салмақ өкілдері Раймонд Мураталла - Тевин Фармер арасында өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам