Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Мыңдаған шақырым жолды Жәнібектің салмағын істей алмағанын есту үшін ұшып келіппін – Михайлович

13.07.2024, 10:25

Аталған жекпе-жекке Жәнібек әлімханұлының екі бірдей чемпиондық белбеуі бәске тігілген еді

Мыңдаған шақырым жолды Жәнібектің салмағын істей алмағанын есту үшін ұшып келіппін – Михайлович
instagram.com/p/C9S8grwSPK0/

Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектің өтпей қалғанына байланысты пікірін білдірді.

Еске салайық, 14 шілдеге жоспарланған жекпе-жек Жәнібектің денсаулығына байланысты болмайтын болды. Салмақ қуу салдарынан қазақ боксшысы талып қалып, жедел ауруханаға жеткізілген. Менеджерінің айтуынша, оның бүйрегінде ауру пайда болыпты.

«Бұл туралы айту маған ауыр, бірақ Жәнібекпен жоспарланған жекпе-жегім өтпейтін болды. Мен осыншама ұзақ жолды оның салмағын дұрыс қуа алмай, ауруханаға түсіп қалғанын есту үшін жүріп өтіппін. Мұндай кезде өзіңді қалай ұстасаң да жарасады, ақымақ болып аузыңа келгенді айтуға болады, олай істемеуге де болады. Мен тек бір нрәсені ғана айтайын: маған көрсеткен құрмет пен қолдау үшін баршаңызға мың алғыс. Отбасым мен командама рахмет. Өкінішке қарай, алда не болатынын білмейм. Тек жақсылықтан үміттеніп, кәсіпқой боксшы ретінде жаттығуымды жалғастыра берем. Басқа айтарым жоқ», - деді Андрей өзінің видеоүндеуінде.

Еске салайық, аталған жекпе-жекке Жәнібек әлімханұлының екі бірдей чемпиондық белбеуі бәске тігілген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам