Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне билет алғандарға ақшасы қайтарылады – Top Rank

13.07.2024, 01:39

Қазақ боксшысының жекпе-жегін тамашалау үшін Қазақстаннан да бірнеше жанкүйер АҚШ-қа барған

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне билет алғандарға ақшасы қайтарылады – Top Rank
TopRank

АҚШ уақытымен 13 шілдеге жоспарланған Әлімханұлы – Михайлович арасынжағы жекпе-жектің өтпеуіне байланысты билетті өткізем дегендерге ақшасы қайтарылады. Бұл туралы бокс кешін ұйымдастыратын Top Rank промоутерлік компаниясы мәлімдеді.

Еске салайық, салмақ қуам деп бүйрегі сыр берген қазақ боксшысы қазір ауруханада емделіп жатыр. Ол салмақ өлшеу рәсімінен өткеннен кейін есінен таңып қалған. Осыған байланысты ұйымдастырушылар Әлімханұлы – Михайлович жекпе-жегі болмайды деген шешім қабылдады.

«Билетті кері қайтару жергілікті уақытпен сенбі күні 15:30-ға дейін жүзеге асады. Ол үшін билетті сатып алған орынға бару қажет. Ticketmaster билет ақшасын толықтай қайтарады», - делінген Top Rank таратқан хабарламада.

Жәнібектің менеджері Берік Сұлтанның айтуынша, боксшы кемі 2-3 ай емделген соң, рингке қайта оралады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам