Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Әлімханұлының жекпе-жекке шықпағаны дұрыс болған – спорт журналисі

14.07.2024, 23:36

Сарапшылар оны салмақты дұрыс қуа алмағанын айтып сынап жатыр

Әлімханұлының жекпе-жекке шықпағаны дұрыс болған – спорт журналисі
Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жарақатына қатысты мамандар тарапынан сан-алуан пікір айтылып жатыр. 

Салмақ қуамын деп бүйрегін зақымдап алған спортшы 14 шілдеге жоспарлаған жекпе-жегінен бас тартқан болатын. Өзі бір тәулік ауруханада жатып ем қабылдады. Ал, менеджерлері оның 2-3 айдан кейін рингке оралатынын айтуда.

lmgboxfit.com сайты авторының айтуынша, Жәнібектің жекпе-жектен бас тартқаны өте дұрыс шешім болған. Егер, ол күш жинап рингке шыққан жағдайда, салдары ауыр болуы мүмкін еді деп жазды спорт сарапшысы.

«Бұл – салмақ қуудың дұрыс емес екенінің тағы бір мысалы. Одан миды қорғайтын сұйықтық та кеуіп кетуі мүмкін. Салдарынан басқа соққы алғанда ми шайқалуы болып, боксшы ауыр дертке шалдығады. Сондықтан, жекпе-жектің болмағаны – дұрыс шешім. Ал, Әлімханұлына салмақ дәрежесін көтеру қажет. Денсаулығына зиян келтірмей жұдырықтасады», - деп жазылған lmgboxfit.com сайтында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) – Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) арасындағы жекпе-жек 14 шілдеде АҚШ-та өтуі тиіс болатын. Бәске оның қос белбеуі тігілді. Салмақ өлшеу рәсімінен кейін қазақ боксшысы есін жоғалтып, ауруханадан бір-ақ шыққан еді. Бұған оның шамадан тыс салмақ қууы себеп болуы мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам