Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

WBC Олимпиада алдында Баходир Жалоловты қуантты

15.07.2024, 01:28

Ол Парижде топ жаруы мүмкін фавориттердің көшін бастап тұр

WBC Олимпиада алдында Баходир Жалоловты қуантты
боксшының жеке архивінен

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) кәсіпқой боксшылардың рейтингін жаңартты. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін өзбек Баходир Жалолов бұл тізімде өз позициясын жақсартқан.

Олимпиада ойындарына қатысатын болғандықтан Жалолов кәсіпқой бокстағы мансабын уақытша тоқтатқан. Соған қарамастан ол WBC рейтингінде оныншы орыннан тоғызыншыға көтерілді. Ал, тізімді британ боксшысы Тайсон Фьюри бастап тұр. Тұжырымның чемпионы – Александр Усик (Украина).

Баходир Жалолов Олимпиада ойындарында фавориттердің көшін бастап тұр. Бокс сарапшылары оның сөзсіз чемпион болатынына сенімді. Егер жеңіп жатса ол Өзбекстан тарихында алғаш рет Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанбақ. Бұған дейін Баходир Токиода топ жарған болатын. 

Кәсіпқой бокста Жалолов барлығы 14 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін нокаутпен жеңген. Соңғы рет 2023 жылдың қарашасында Ташкентте Оңтүстік Африка боксшысы Крис Томпсонды ұрып құлатты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам