Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлына талап қойды
Салмақ қуамын деп есінен танып қалған Жәнібек Әлімханұлы карьерасын қай салмақта жалғастыратынын айтты.
WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы орта салмақта қалу туралы шешім қабылдаған.
«Қолдауларыңызға рахмет! Қазір бәрі дұрыс. Қалыпқа келу үшін маған бірнеше апта керек, сосын ораламын! Маңызды жаңалық: мен орта салмақта қаламын, мұнда аяқталмаған шаруаларым бар!» - деді боксшы.
WBO Әлімханұлына қатысты ресми мәлімдеме жасады - оның командасы 10 күн ішінде барлық медициналық құжаттарды, шаршы алаңға қашан оралуға дайын болатыны туралы қорытындыны қоса жіберуді талап етті. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда, ең қатаң шаралар қабылданатыны, тіпті атағынан айырылуы мүмкін екендігі айтылған.