Боксшы алдағы мақсаты айқын екенін атап өтті
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионының басқа чемпиондары Карлос Адамес (WBC) мен Эрисланди Лараға (WBA) үндеу жолдады.
«Qazaq Style» орта санаттағы негізгі төрт белбеуді де жеңіп алу мақсатынан бас тартпайтынын еске салды.
«Адамекс пен Лара, тойлауға асықпаңыздар. Мен орта салмақта күресіп, барлық төрт титулды аламын, Алла бұйырса. Салмағыма байланысты қиындықтар туындай бастағанда, орта салмақтағы боксшылардың барлығы жиналып, той өткізгенін естідім. Көңіл-күйлеріңізді бұзғаным үшін кешіріңіздер! Орта салмақ дәрежесін басқаратын патша оралды», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, әлем чемпионы орта салмақта қалу туралы шешім қабылдағанын жазған едік.