Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлына троллинг жасаған боксшы оның сауығып кетуін тіледі

15.07.2024, 14:51

Қазақ боксшысы 2-3 айдан кейін рингке қайта оралатынын мәлімдеген еді

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлына троллинг жасаған боксшы оның сауығып кетуін тіледі
BoxingScene

Кәсәпқой бокстан орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы доминикалық Карлос Адамес биыл Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге ниеттеніп отырғанын айтты. Күні кеше салмақ қуамын деп ауруханадан бір-ақ шыққан қазақ боксшысына ол тез сауығуды тілеп отыр.

Биыл қарашада Джервонта Дэвис пен Василий Ломаченко жұдырықтасатыны белгілі. Осы бокс кешінде Адамес Әлімханұлымен рингке шыққысы келеді. Шыққан жағдайда қазақ боксшысының екі белбеуін тартып алатынына сенімді.

«Жәнібек тезірек сауығып кетеді деп үміттінем. Қараша айында Джервонта Дэвис – Василий Ломаченко жекпе-жегінің аясында онымен жұдырықтасуды қалаймын. Бәске үш бірдей чемпиондық белбеу тігіледі», - деп жазды Адамес өзінің X-парақшасында.

Қос боксшы бұған дейін бірін-бірі әлеуметтік желі арқылы бірнеше рет жекпе-жекке шақырған. Алайда, тараптардың өкілдері келісімге келе алмады. Мұнан кейін Жәнібек Карлосты «қорқақ» деп айыптаса, Карлос оны «сайқымазаққа» теңеді.

Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда, салмақ қуамын деп бүйрегін зақымдап алды да, жекпе-жек өтпей қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам