Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Қазақстан немесе Өзбекстан? The Ring басылымы ең мықты боксшылардың рейтингін жариялады

16.07.2024, 11:02

Өзбекстандық 4 боксшы өз салмақтары бойынша ТОП-10-ға кіреді

Қазақстан немесе Өзбекстан? The Ring басылымы ең мықты боксшылардың рейтингін жариялады
afisha.uz

The Ring журналы әлемнің ең мықты боксшылары рейтингінің кезекті нұсқасын жариялады.

Бокс тақырыбында жазатын ең беделді The Ring журналы Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларын салыстырған.

The Ring рейтингінде ұсынылған боксшылардың саны бойынша өзбек боксшылары қазақстандықтардан асып түседі. Қазіргі уақытта журнал авторларының бағалауы бойынша, өзбекстандық 4 боксшы өз салмақтары бойынша ТОП-10-ға кіреді.

Бұл Иcраил Мараимов (3-ші орын), Муроджон Ахмадалиев (4-ші орын), Шахрам Ғиясов және Хасанбой Дусматов (екеуі де өз санаттарында тоғызыншы орында).

Рейтингте сапасы жағынан Қазақстан көршілерден озып тұр. Орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы үздіктер қатарында көш бастап тұр. Дәл осы категорияда Мейірім Нұрсұлтанов алтыншы орынға жайғасқан.

Дегенмен, Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеуде сәтсіздікке ұшырап, Михайловичпен жекпе-жекті бұзып, позициясын күшейту мүмкіндігін пайдалана алмады. Ал 4 тамызда Исраил Мадримов әлемнің үздік боксшыларының бірі Теренс Кроуфордпен жұдырықтасады. Өзбекстандық сенсация жасаған жағдайда рейтингтегі көрсеткіштер өзгеруі мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам