ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

«Ресейге көмектескім келеді». Желіде Василий Жировтың Кремлевке жазған «хаты» тарады

16.07.2024, 10:23

Жиров Ресейді халықаралық аренада танытқысы келеді

«Ресейге көмектескім келеді». Желіде Василий Жировтың Кремлевке жазған «хаты» тарады
golosislama.com

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Василий Жировтің Ресейде жұмыс істегісі келеді деген ақпарат пайда болды. Бұған желіде тараған хат мазмұны себеп.

Әлеуметтік желіде тәуелсіз еліміздің бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы, кәсіпқой бокста әлем чемпионы атанған Василий Жировтің IBA басшысы Умар Кремлевтің атына жазылған хаты тарады. Бұл хатты шынымен де Жировтің өзі жазды ма, әлде басқа біреу ме, әзірге нақты белгісіз.

Хат мәтінін 2001 жылы Ресей құрамасы сапында әлем чемпионы атанған Андрей Гоголев өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады:

IBA халықаралық бокс федерациясының президентіне Құрметті Умар Назарұлы! Сізге, өз тәжірибем мен білімімді қолдана отырып, Ресей және әлемдік боксқа пайдамды тигізуге дайын екенімді білдіру үшін жазып отырмын. Өзіңіз білетіндей, мен 1996 жылғы Олимпиада чемпионымын, Вэл Баркер кубогының иесімін, Азия чемпионатының, Азия ойындарының, жастар арасында Еуропа чемпионымын.

Кәсіпқойлар арасында IBF, NABO, WBC continental нұсқалары бойынша әлем чемпионымын. Бұл нәтиженің барлығы маған боксты жан-жақты білетін әрі оны жақсы көретін адам ретінде сөйлеуге құқық береді. Қазіргі уақытта мен АҚШ-тың Аризона штатындамын, бірақ өз отаным, Ресей үшін жұмыс істеуге дайын екенімді айтқым келеді.

Тәжірибем мен білімім Ресей мен әлем боксын дамытуға көмектесетініне сенімдімін және бар білгенімді жастармен бөлісуге, оларға Ресейді халықаралық аренада танытуға көмектесуге дайынмын.

Спортшылармен орыс және ағылшын тілдерінде сөйлесіп, оларға ерекше спорт түрі туралы, оның физикалық күшті ғана емес, қажырлықты, тәртіпті және ақылды талап ететінін түсіндіруге дайынмын. Құрметпен,

Василий Жиров Олимпиада чемпионы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам