Ол өзін Головкинмен салыстыратындарға жауап берді
Австралиялық-ресейлік боксшы, бірінші орта салмақта экс-әлем чемпионы Тим Цзю өзін орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен салыстыратындарға жауап берді.
– Сен маған Геннадий Головкинге ұқсайтын секілді көрінесің.
– Трипл «Т» дейсіз ғой (Головкиннің лақап аты – Triple G)? Шыны керек, өз басым Головкинді жақсы көремін. Ол – ерлер арасында мен үшін краш. Адам ретінде ұнайды. Біздің қанымыз ұқсас – Кореядан шыққан орыс моңғолымыз. Біз үшін бұл ортақ дүние, - деді Тим Цзю Ringside Seat With Taessie-ге берген сұхбатында.
Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 45 жекпе-жек өткізіп, соның 42-сін өз пайдасына шешкен. Қазір ол Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетін басқарады.