ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

«Енді аямайм»: Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичке ренішін білдірді

19.07.2024, 12:07

Қазақ боксшысы өзінің басына түскен ауыр жағдайды мазақ ету адамгершілікке жатпайды дейді

«Енді аямайм»: Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичке ренішін білдірді
TopRank

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде өтпей қалған жекпе-жегі бәрібір болатынын және қарсыласы – жаңазеландиялық Андрей Михайловичтің рингте жазаланатынын мәлімдеді.

Еске салсақ, жоспарланған жекпе-жек Жәнібектің денсаулығына байланысты өтпейтін болып шешім қабылданған еді. Салмақ қуу барысында бүйрегіне зақым келтіріп алған қазақ боксшысы ауруханадан бір-ақ шыққан. Ал, оның қарсыласы Андрей Михайлович болса Әлімханұлын мазақ етіп видеоролик түсірді.

«Андрей парақшасындағы видеоны көрдім. Бала өзіне көп алып жатыр екен. Мен жекпе-жекке денсаулығым себепті шыға алмадым. Ауруханаға түстім. Бірақ, қарсыласым адам басына түскен сынақты, ауыр жағдайды мазақ қылып жатыр. Бұл негізі адамгершілік емес. Ешқандай боксшы бұлай жасамайды. Қайта сауығып кет дейді. Оның ісіне тіпті, мен ұялып кеттім. Бізде контракт бар. Жұдырықтасамыз. Бірақ, енді оны аямаймын», - деп жазды Жәнібек өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, күні кеше Андрей Михайлович Жәнібекті мазақ етіп шағын видеоролик жариялаған болатын. Онда ол қазақ боксшысының салмағын дұрыс қуа алмағанын келеке еткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам