Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Головкин қазақ боксшысына қарсыластардың басын қалай жұлу керектігін көрсетті

19.07.2024, 22:28

Экс-чемпион тәжірибесімен бөлісіп, шабуылдауды үйреткен

Головкин қазақ боксшысына қарсыластардың басын қалай жұлу керектігін көрсетті
instagram.com/batyr_jukembaev

Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкинмен жаттығуынан видео жариялады.

«Өте жылы әрі нәтижелі кездесу болды. Геннадий Головкин біраз тәжірибесін бөлісті, жақсы кеңес берді. Спортшыларымызға алдағы Олимпиадада сәттілік!», - деп жазды Жүкембаев екеуінің суретін салып.

Кездесу барысында Геннадий ізбасарына дұрыс шабуыл жасап, қалай қорғану керектігін іс жүзінде көрсеткен.

«Геннадий Головкин қарсыластардың басын қалай жұлу керектігін көрсетіп жатыр», - деді Батыр. 

Айта кетейік, Жүкембаев өзінің шаршы алаңдағы соңғы жекпе-жегін 22 мамыр күні Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өткізіп, бесінші раундта украиналық Иван Редкачті (24-7-1, 19 КО) техникалық нокаутпен ұтты. Осылайша, бірінші орта салмақта WBA Continental North Americas чемпионы атағын қорғады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам