Қазақстан бокс құрамасы Францияға ұшты
Қазақстан бокс құрамасы үшін Олимпиада сапары басталды. Былғары қолғап шеберлері Алматы әуежайынан Францияға ұшты.
Бортта: он олимпиадалық үміт, бапкелер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері. 25 шілде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні Отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады, – делінген Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшасында.
Айта кетейік, биылғы төртжылдықтың бас додасында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары толық құрамда қатысады.
Қазақстан намысын мына боксшылар қорғайды:
51 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Махмұд Сабырхан
63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы
71 келі: Асланбек Шымбергенов
81 келі: Нұрбек Оралбай
92 келі: Айбек Оралбай
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев