Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Иван Дычко Баходир Жалоловты оңай жеңеді – Мейіржан Рахымжанов

23.07.2024, 12:25

Дычконың өзі болса өзбек боксшысын ұрып құлататынына сенімді

Иван Дычко Баходир Жалоловты оңай жеңеді – Мейіржан Рахымжанов
Қазақстан бокс федерациясы

Экс-боксшы, Азияның қола жүлдегері және Афины Олимпиадасына қатысқан Мейіржан Рахымжанов Sports.kz сайтына сұхбат беріп, аса ауыр салмақта өнер көрсететін Иван Дычко мен Баходир Жалоловқа қатысты өз ойын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Иван Дычконың өзі өзбекстандық боксшыны оңай жеңетінін мәлімдеген болатын. Екеуі әуесқой бокста жүргенде төрт рет жолы түйісіп, бәрінде Дычко айқын жеңіске жеткен болатын. Кәсіпқой бокста өзбек боксшысын ұрып құлатам деген еді ол.

Мейіржан Рахымжановтың пікірі де дәл осындай. Оның сөзінше, Иванның кәсіпқой бокстағы әлеуеті өте жоғары.

«Иван қазір кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүр. Жалолов та бірнеше жекпе-жек өткізіп үлгерді. Егер екеуінің жолы рингте түйісіп жатса, сөзсіз Ваня жеңіске жетеді. Маған оның бокс мәнері ұнайды. Иванды бұрыннан білем, оның әлеуеті зор», - деді Рахымжанов.

Айта кетейік, 33 жастағы Иван Дычко Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері, әлем чемпионатында үш рет жүлде алған. Азияның екі дүркін чемпионы. Азия ойындарының чемпионы және күміс жүлдегері. Ол кәсіпқой бокста 13 кездесі өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен (12-сі нокаутпен).

Ал, 29 жастағы Баходир Жалолов Олимпиада жеңімпазы және әлемнің екі дүркін чемпионы. Өзбек боксшысы кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңіске жетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам