Енді әрбір елдің бокс федерациясы World Boxing-ке мүше болуы тиіс
Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) Халықаралық бокс қауымдастығын (ІВА) олимпиада Хартиясына енгізген түзетуді қабылдай отырып, танылған федерациялар тізімінен шығарып тастады. Бұл туралы 23 шілдеде Парижде өткен комитеттің 142-сессиясында хабарланды.
Ресей азаматы Умар Кремлев басқаратын ұйым Токио Олимпиадасында бокс турнирін өткізуден шеттетілген болатын.
Сондай-ақ, сессия барысында Халықаралық жүзу Федерациясының атауын FIFA-дан (Federation Internationale de Natation) World Aquatics-ке өзгерту шешімі бекітілді.
Бұған дейін Спорттық төрелік соты (CAS) ХОК сессиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы ұйымды мойындаудан бас тарту туралы шешіміне қатысты IBA шағымын қабылдамады.
2028 жылы өтетін Олимпиада Ойындарында ХОК ІВА-ға мүше елдердің бокс құрамасын қатыстырмау туралы талап қойып отыр. Енді әрбір елдің бокс федерациясы World Boxing-ке мүше болуы тиіс.
Сонымен бірге, ҰОК президенті Геннадий Головкин де Рейтер агенттігіне берген сұхбатында бокс федерациясын ІВА-дан шығуға үндейтінін айтқан болатын.