Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Өзбекстанда туған қазақ боксшысы Қазақстандағы алғашқы жетістігіне қол жеткізді

24.07.2024, 11:01

Аман Қонысбеков 71 келіге дейін салмақта топ жарды

Өзбекстанда туған қазақ боксшысы Қазақстандағы алғашқы жетістігіне қол жеткізді
instagram.com/turkistan_sport

Өзбекстаннан тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударған жас боксшы Аман Қонысбеков КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық турнирде жеңіске жетті.

Жарыс Түркістан қаласында өтті. Аман 71 келіге дейін салмақта топ жарды. Аталмыш додаға Қазақстанның 15 аймағынан және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Камбоджа мемлекеттерінен іріктелген 145 былғары қолғап шебері қатысып, 13 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтады.

Айта кетейік, Аман Қонысбеков – Өзбекстанның Навои облысында дүниеге келген. Отбасында төрт бала бар. Әкесі – көлік жүргізуші. Анасы жергілікті емханада медбике болып істейді. Боксшы былтыр Өзбекстан чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен кездескен. Сол кезде үш раунд қорытындысы бойынша Муйдинхужаев төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Дегенмен, бірінші раундта Қонысбеков қарсыласын бір рет нокдаунға түсіргенін еске сала кетейік.

Биыл Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін алғаш рет шаршы алаңға мамырда шықты. Астанада өткен «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде бақ сынап, қола жүлде еншіледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам