Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Ештеңе шешпейтінін білдім». Махмұд Сабырхан жеңілісінің себебін түсіндірді

31.07.2024, 15:37

Төрешілер үш раундты да испан боксшысына берді

«Ештеңе шешпейтінін білдім». Махмұд Сабырхан жеңілісінің себебін түсіндірді
Тұрар Қазанғапов

Париж олимпиадасында бокстан 57 келіде қазақстандық Махмұд Сабырхан жарысты аяқтады. Былғары қолғап шебері бірінші айналымда испаниялық Хосе Бротонс Квилестен жеңілді - 1:4.

Төрешілер үш раундты да испан боксшысына берді – 1:4, 0:5, 2:3. Дегенмен жанкүйерлер де, боксшының өзі де төрешілікке аса көңілі толмаған тәрізді.

«Олимпиаданың бірінші күні болғандықтан ба, білмеймін... Ұтылғанды мойындау керек. Бірақ бірінші раундты испаниялыққа беріп жіберді. Бірінші раунд бәрін құртып жіберді. Бірінші раундта өзім жеңгендей болып едім, екінші және үшінші раунд... Шынымды айтсам, бірінші раундта алып тұрған едім, соны бергенде жақсы бокстасар едім. Екінші раундты да қарсыласқа беріп жіберді, үшінші раунд ештеңе шешпейтінін білдім. Осымен Олимпиаданы аяқтадым. Бар күшімді салдым», - деді Махмұд Сабырхан.   

Айта кетейік, испаниялық енді өзбекстандық әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен жұдырықтасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам