Осымен ұлттық құраманың үшінші боксшысы елге қайтады
Париж олимпиадасында бокстан 57 келіде жүлдеге ілігеді деген қазақстандық Махмұд Сабырхан жарыспен қоштасты.
Қазақстандық боксшы Олимпиаданың бірінші айналымында испаниялық Хосе Бротонс Кильестен жеңілді. Осылайша, "Қазақтың Ломаченкосы" атанып Махмұд ширек финалға шыға алмады.
Махмұд – Париж ойындарын аяқтаған ұлттық құраманың үшінші боксшысы. Бұған дейін Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев жарыспен қоштасқан болатын. 2023 жылғы әлем чемпионы, Кильес былтырғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Бірақ бұл жарыстарды ресейлік Умар Кремлев басқаратын IBA ұйымдастырады. Ал олимпиаданы Халықаралық олимпиада комитеті ұйымдастырып жатыр.