Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қырғыз боксшысы ел тарихында алғаш рет Олимпиада жүлдегері атанды

03.08.2024, 23:48

Бұған дейін ол бұл жетістігіне әлем чемпионатында қол жеткізген еді

Қырғыз боксшысы ел тарихында алғаш рет Олимпиада жүлдегері атанды
Getty Images

Қырғызстан спортшысы бокстан Олимпиада тарихында алғаш рет жүлдеге қол жеткізді. 57 келіде сынға түсіп жатқан Мұнарбек Сейітбекұлы ширек финалда АҚШ боксшысын ұтып, келесі кезеңге өтті.

Қырғыз боксшысы іріктеу кезеңдерінде Куба боксшысы Сайдел Нортаны 3:2, АҚШ боксшысын 5:0 есебімен жеңіп отыр. Енді ол жартылай финалда Болгария боксшысымен өзара мықты анықтайды.

Айта кететін жайт, Мұнарбек Сейітбекұлы өткен жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үшінші орын алған. Осылайша ол Қырғызстан бокс тарихында әлем біріншілігінен жүлде иеленген алғашқы боксшы атанған еді. Енді ол бұл жетістікті Олимпиадада қайталап, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етіп отыр.

Мұнарбек Сейітбекұлы Парижде Қырзығстан спортшылары арасынан жүлде алған алғашқы спортшы болып отыр. Айыр қалпақты ағайындардың негізгі үміті еркін күрес пен грек-рим күресі балуандарында екенін ұмытпаған жөн.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам