Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Тас-талқан етуі мүмкін». Алжирлік боксшы қыз мәлімдеме жасады

06.08.2024, 10:12

Ол спортшыларды келемеждемеуге шақырды

«Тас-талқан етуі мүмкін». Алжирлік боксшы қыз мәлімдеме жасады
Reuters

Халықаралық қауымдастық тарапынан гендерлік тестілеуді өте алмағаны үшін айыпталған алжирлік боксшы Иман Хелиф әлемдік қауымдастықты олимпиадалық принциптерді ұстануға және спортшыларды келемеждемеуге шақырды.

Associated Press-ке берген сұхбатында ол буллингтің салдары өте ауыр болуы мүмкін екендігін айтқан.

«Бұл адамның өзін, оның ойларын, рухы мен санасын тас-талқан етіп жіберуі мүмкін», - деді Хелиф.

Дегенмен спортшының өзі допингтен бөлек қандай да бір тестілеуден өткен-өтпегені туралы сұраққа жауап беруден бас тартты. Ол бұл туралы сөйлескісі келмейтінін алға тартқан.

1 тамыз күні италиялық боксшы Анджела Карини Иман Хелифпен жұдырықтасудан бас тартып, көп ұзамай спорттық карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, қоғам алжирлік былғары қолғап шеберінің трансгендер екенін айта бастады. Алайда оның әкесі бұл сөздерді жоққа шығару үшін қызының бала кезіндегі суреттері мен куәлігін көрсетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам