“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Жәнібек Әлімханұлының экс-қарсыласы ерекше нокаутпен көзге түсті (ВИДЕО)

18.08.2024, 10:01

Ол қазақ боксшысын қайта жұдырықтасуға шақырып отыр

Жәнібек Әлімханұлының экс-қарсыласы ерекше нокаутпен көзге түсті (ВИДЕО)
Stephen Dunkley/Queensberry Promotions

2022 жылы Жәнібек Әлімханұлынан жеңіліп қалған британдық боксшы Дензел Бентли (20-3-1, 17 КО) кезекті жеңісіне қол жеткізді. Лондонда өткен бокс кепшінде ол жерлесі Деррик Осазені (13-2, 3 КО) екінші раундта ұрып құлатқан.

Бірінші раундта боксшылар негізінен барлау жұмыстарымен айналысып, жойқын соққылармен алмасқан жоқ. Ал, екінші раунд Осазенің өрескел қателігінен соң аяқталды. Қолын түсіріп, қорғанысты бір сәтке ұмытқаны сол екен, Бентли алдымен ауыр апперкотын дөп тигізіп оны есеңгіретсе, артынша оң қолмен жасалған хук жекпе-жек тағдырын шешіп тастады.

Осылайша, Дензел Бентли жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізіп қана қоймай, WBO International белбеуін беліне тақты.

Есте болса, күні кеше британдық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен қарымта екінші жекпе-жекті өткізгісі келетінін мәлімдеген болатын. Алғашқысында тәжірибенің аздығынан жеңілдім деген ол, енді толысқанын айтып, қазақ боксшысын оңай ұтып алатынына сенім білдірген.

Әдетте өзіне қатысты мәлімдемелердің бірде-бірін жауапсыз қалдырмайтын Әлімханұлы болса әзірге Бентлиге жауап жазған жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам