“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Флойд Мейвезер әйгілі гангстердің немересін сабады (ВИДЕО)

25.08.2024, 12:58

Дегенмен, жекпе-жекте жеңімпаз сол күйі анықталмады

Флойд Мейвезер әйгілі гангстердің немересін сабады (ВИДЕО)
Reuters

Бүгін Мехикода (Мексика) ерекше бокс кеші өтті. Ең басты жекпе-жекте америкалық кіші Флойд Мейвезер мен Нью-Йорк гангстерінің немересі Джон Готти III жұдырықтасты.

Былғары қолғап шеберлері бір жыл бұрын АҚШ-та кездескен. Ол кезде шоуды төреші уақытынан бұрын тоқтатып, боксшылардың командалары, сосын көрермендер бір-бірімен төбелісіп кеткен еді. Осы жолы 2 минуттан 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек толығымен өтті.

Готти негізінен аудиторияға ойнап, дәл соққыларын тигізе алмады. Ең қызығы, екінші раундта кездесудің бас төрешісі ауыстырылды. Мұндай жағдай бокста сирек болады. Бұған Готтидің рефериге жиі жүгінуі ықпал еткен сияқты.

Көрермен қызықты жекпе-жек көргісі келгенімен, Готти тарапынан қарсылық болмады. Мейвезер өз мәнерінде жұдырықтасып, басымдық танытты. Бірақ төрешілер жеңіске жеткен спортшының есімін атамады. Өйткені бұл – бар болғаны шоу жекпе-жек. Тек нокаутқа түсіргенде ғана жеңімпаз белгілі болушы еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам