“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Назарбаевты күзеткен генерал Назым Қызайбайды ерекше марапаттады (ВИДЕО)

26.08.2024, 13:51

Ол – әлемнің екі дүркін чемпионы және Олимпиаданың қола жүлдегері

Назарбаевты күзеткен генерал Назым Қызайбайды ерекше марапаттады (ВИДЕО)
olympic.kz

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай ерекше марапатқа ие болды. Спортшыны Дінмұхамед Қонаевтың және Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке күзетін басқарған, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев марапаттады.

«Біздің қызымыз, жерлесіміз, Олимпиададан қола медаль алып келіп отыр. Арнайы Дінмұхамед Қонаевтың орденін жасадық. Соны қымызыдың кеудесіне тағып отырмыз», - деді Амангелді Шабдарбаев.

Айта кетейік, 50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юден жеңілді.

Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды. Бұған дейін ол әлемнің екі дүркін чемпионы атанған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам