Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақтың жасөспірім үш боксшы қызы Арменияда әлем чемпионы атанды

04.12.2023, 09:18

Бүгін ерлер шаршы алаңға шығады

Қазақтың жасөспірім үш боксшы қызы Арменияда әлем чемпионы атанды
Sports.kz

Бокстан Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ұлттық құраманың 3 боксшысы чемпион болды.

54 келіде Аяжан Сыдық финалда үнді боксшысы Амиш Керкеттаны 5:0 есебімен ұтса, 60 келіде Толғанай Қасымхан ресейлік Кира Леоновадан 3:2 нәтижесімен басым түсті. Ал 66 келі салмақта Айсұлу Мұхит румын спортшысы Амалиа Тугуйді төрешілер шешімен жеңді.

Сондай-ақ, Сила Биболсынқызы (48 келі), Гаухар Зарден (50 келі), Айша Сариева (52 келі), Алина Кудайгенова (63 келі), Құралай Егінбайқызы (80 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. 

Айта кететін жайт, Ереванда жасөспірім қыздар арасындағы әлем біріншілігінде 3 бірдей жерлесіміздің чемпион атануы еліміздің бокс тарихындағы алғашқы оқиға. 

Бұған дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2011 жылы – 1 алтын, 3 қола, 2013 жылы – 5 күміс, 6 қола, 2015 жылы – 1 алтын, 2 күміс, 4 қола иеленген. 

Сондай-ақ, бүгін финалдық жекпе-жектің екінші күнінде ерлер арасында 54 келідегі Нұрасыл Төлебек үнді боксшысы Жатин Жатинмен жұдырықтаспақ.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам