“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

07.09.2024, 10:36

Боксшы қызу дайындыққа кірісіп кеткен

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желі

WBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы рингке оралу мақсатында қызу дайындықты бастап кеткен. 

«Мен жаттығуды бастап кеттім! Жақында жекпе-жек болады!», — деп жаңалығымен бөлісті Жәнібек.

Еске сала кетейік, осы аптада Әлімханұлының өкілдері, Top Rank промоутерлік компаниясы, Жаңа Зеландиялық үміткер Андрей Михайловичпен болатын міндетті титул қорғауын өткізу құқығына No Limit Boxing компаниясымен өткен саудада жеңіліп қалды.

Жекпе-жектің нақты қай күні өтетіні әзірге белгісіз. Бастапқыда олардың кездесуі шілде айында өтуі тиіс еді, бірақ Жәнібектің денсаулығына байланысты кейінге қалдырылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам