Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Қазақстандық боксшының 15 айдан кейінгі алғашқы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

07.09.2024, 12:18

Абылайхан Хусайынов Дубайда ұзақ уақыттан кейін алғаш рет рингке шықты

Қазақстандық боксшының 15 айдан кейінгі алғашқы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
instagram.com/ablaikhan_khussainov

Қазақстандық боксшы Абылайхан Хусайынов Дубайдағы бокс кешінде өнер көрсетті.

Ол угандалық Абдул Азиз Ссебулимеге қарсы жекпе-жек өткізді. Бұл кездесу сегіз раундқа жоспарланған болатын.

Отандасымыз угандалықты техникалық нокаутпен жеңді. 

Осылайша, Абылайхан Хусайынов кәсіби мансабында 13-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Абдул Азиз Ссебулиме кәсіби рингте екінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кету керек, бұл Хусайыновтың 15 айдан кейінгі алғашқы жекпе-жегі болды. Соңғы рет қазақстандық боксшы 2023 жылы маусымда жекпе-жекке шыққан, ол кезде ресейлік Артур Субханкуловқа біржақты шешіммен жеңілген еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам