“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

09.09.2024, 10:57

Андрей Михайлович оған небәрі 1 ай уақыт берді

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды
Top Rank

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қазан айында соң өтетін болды. Бұл туралы спортшының менеджері Берік Сұлтан мәлімдеді.

Жекпе-жек бұған дейінгі талаптар бойнша өтеді. Яғин, сарапқа Жәнібектің қос титулы салынбақ. 

«Құрметті жанкүйерлер! Жақында жекпе-жек. Сол үшін дайындықты елде бастап кеттік. Әр күн маңызды! Шетелге барып дайындалып үлгермейміз. Промоутерлік торгты қарсылас тарап ұтып алғанын білесіздер. Жекпе-жекті келесі айға қойып жатыр. Бұйыртса екі титулды қорғаймыз. Қарсылас сол баяғы Андрей», - деді Берік Сұлтан әлеуметтік желіде.

Еске салайық, 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) орта салмақта WBO және IBF нұсқасында әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі өтпей қалған еді. Сол жолы отандасымыз салмақ қуу кезінде қатты сусыздану салдарынан есінен танып, ауруханаға түскен болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам