Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Бокстан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында 8 алтын медаль жеңіп алды

09.09.2024, 11:04

Командалық есепте де біздің құрама бірінші орында

Бокстан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында 8 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан жасөспірімдер арасында Біріккен Араб Әмірліктерінде аяқталған Азия чемпионатында Қазақстан  боксшылары 8 алтын иеленді.

Әл-Айн қаласында өткен құрлық біріншілігінде 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер құрамасынан 9 боксшы финалға шығып, тек бір спортшы ғана есе жіберді. Сондай-ақ, бокстың жас шеберлері 2 қола медальға қол жеткізді.

Азия чемпионы атанған боксшылар: 

  • 35 келі. Абылай Досымбеков
  • 40 келі. Бекхан Оразбаев
  • 43 келі. Жұмағали Нұрмұхан
  • 46 келі. Әмір Мұхит
  • 52 келі. Нұрислам Оңалбек
  • 55 келі. Әбдімансұр Жақсылық
  • 64 келі. Төрехан Қанатбай
  • 70 келі. Мансұр Амантай

Күміс жүлде: 

  • 61 келі. Алиимран Алиев

Қола жүлдегерлер:

  • 33 келі. Әли Әбдікамал
  • +70 келі. Жәдігер Мүсірәлі 

Айта кететін жайт, БАӘ-не жасөспірімдер құрамасын аға бапкер Жақсылық Молдаханов бастап апарған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам