“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Бек Нұрмағанбет «Канелоның» бокс кешінде жекпе-жекке шығады

09.09.2024, 14:21

14 қыркүйекте Лас-Вегаста Саулем Альварес пен Эдгар Берланго арасында айқас өтеді

Бек Нұрмағанбет «Канелоның» бокс кешінде жекпе-жекке шығады
t.me/udarvkost

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет осы аптада Сауль Алварестің жекпе-жегінің андеркартында сынға түсетін болды.

14 қыркүйек күні түнде Лас-Вегаста Саулем Альварес пен Эдгар Берланго арасында айқас өтеді. Бұл сында отандасымыз 6 раундтық жекпе-жекке шығып, 32 жастағы АҚШ өкілі Джошуа Конлимен өзара мықтыны анықтамақ. Конли 2011 жылдан бері кәсіпқой бокс шаршы алаңында 24 айқас өткізген. Оның 17-сінде жеңіске жетсе, 11-ін уақытынан бұрын ұтқан.

Айта кететін жайт, АҚШ боксшысы соңғы 3 жекпе-жегінде жеңілістің кермек дәмін татты. Олардың ішінде Сергей Деревянченко, Стивен Батлер және кіші Шейн Мозли сынды боксшылар Конлиді оңдырмаған еді.
 
Ал Қазақстан өкілі Бек Нұрмағанбет 2020 жылы кәсіпқой боксқа бет бұрып, 12 рет шаршы алаңға шықты. Оның 11-де жеңіске жетсе, 9-ын мерзімінен бұрын ұтты.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам