“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Әли Ахмедовтің келесі қарсыласы анықталды

11.09.2024, 12:30

Кәсіпқой боксшы 20 қыркүйекте жекпе-жекке шығады

Әли Ахмедовтің келесі қарсыласы анықталды
жеке мұрағат

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов келесі аптада Ирландияда жекпе-жекке шығады. Отандасымыздың кезекті айқасы туралы 360 Promotions компаниясы мәлімдеді.

Белгілі болған дерек бойынша, Қазақстанның кәсіпқой боксшысы 20 қыркүйек күні Дублинде Франция боксшысы Пьер Дибомбемен 10 раундтық айқасқа шықпақ. Француз Дибомбе (22-1-1) бокстан Франция чемпионы және Еуропалық бокс одағының (EBU) жеңімпазы атанған. Еуропа боксшысы 12 жекпе-жегін нокаутпен жеңген.

Айта кететін жайт, отандасымыз Әли Ахмедов мамыр айында Детройтта өткен бокс кешінде коста-рикалық Энкарнасьон Диасты техникалық нокаутпен жеңген еді. Ол осыған дейін 22 рет айқасып, оның тек біреуінде есе жіберді. Сондай-ақ, ол 16 қарсыласын нокаутпен ұтуымен ерекшеленеді. Бүгінде Алматы облысының тумасы Әли Ахмедов GGG Promotions промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам