Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Мықтылар турнирі». Бокстан әйелдер арасында Азия чемпионатына іріктеу өтеді

11.09.2024, 14:30

19-40 жас аралығындағы спортшылар 12 салмақ бойынша бақ сынайды

«Мықтылар турнирі». Бокстан әйелдер арасында Азия чемпионатына іріктеу өтеді
Тұрар Қазанғапов

22-28 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында әйелдер боксынан «Мықтылар турнирі» өтеді.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу жарыстары өтеді.

Турнирде 19-40 жас аралығындағы спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша: 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг күш байқасады.

2006 жылғы қатысушылар бас бапкердің рұқсатымен ғана жарысқа жіберіледі.

Өтініштер 16 қыркүйекке дейін қабылданады.

Қазақстан бокс федерациясы аталмыш жарысты барынша ашық өткізу үшін тікелей көрсетілім, толыққанды ақпарат тарату және таза төрелік тұрғысынан қамтамасыз етеді.

Айта кетерлік жәйт, Қарағандыдағы бәсекеде боксшылар арнайы бас киімсіз шаршы алаңға шығады. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай бас киім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам